10.06.2008, 12:57 1481

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Лицензия берілетін іс-қызметтер түрлерінен өлшем құралдарын жөндеу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық нысандарды жасауды алып тастау жөніндегі қаулылардың жобалары дайындалды", - деді В. Школьник.

"Бұл актіні "Лицензия беру жөніндегі" заңына өзгеріс енгізілгенге дейін немесе одан кейін қабылдауға болады, бірақ қандай жағдайда да ол аталған іс-қызмет түрлерін тексерулер санын жылына 560-қа азайтады", - деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде лицензия берілетін іс-қызмет түрлерін 15 түр мен ішкі түрге дейін азайту ұсынылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны