07.05.2008, 14:36 2559

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мұнайгаз секторына арналған шетелдік өнімдерді енгізудің кедендік баж салығының ставкасын өзгертуді ұсынады (толықтырылған нұсқа)

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мұнайгаз секторына арналған шетелдік өнімдерді енгізудің кедендік баж салығының ставкасын өзгертуді ұсынады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мұнайгаз секторына арналған шетелдік өнімдерді енгізудің кедендік баж салығының ставкасын өзгертуді ұсынады. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдалану нарығындағы Қазақстан үлесін дамыту" атты бас қосу барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда өндірілетін секілді шетелдік өнімдердің импортын шектеу үшін шетелдік өнімдерді енгізудің кедендік баж салығының ставкасын өзгерту жөнінде ұсыныстар ойластыру орынды деп санаймыз", - деді Е. Мамытбеков.

"Біз сонымен бірге отандық тауар өндірушілерге жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетіп, оларға жер қойнауын пайдаланушылардың ірі көлемде тауар, қызмет және жұмыс сатып алу жөніндегі бес жылға дейінгі жоспары жайлы мәліметтер беріп отырмақшымыз, бұл мейлінше тиімді маркетингтік саясат жүргізуге көмектесер еді", - деді ол.

Бұған қоса, вице-министрдің пікірінше, Қазақстанның үлесін дамыту жөнінде бірлескен жоспар жасау үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өнім өндірушілер арасында ынтымақтастық орнату қажет, бұл "Қазақстандық тауар сатушылардың байқауларға жоғары деңгейде қатысуына мүмкіндік беріп, жасанды жолмен сатып алуға шектеу қою мүмкіндігін жояды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны