02.06.2009, 12:11 1381

ҚР Индустрия және сауда министрлігі өз функцияларының бір бөлігін басқа министрліктер мен мекемелерге беруді ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі өз функцияларының бір бөлігін басқа министрліктер мен мекемелерге беруді ұсынады

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі өз функцияларының бір бөлігін басқа министрліктер мен мекемелерге беруді ұсынады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін үкіметте өткен отырыс барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Индустриялық-инновациялық даму жоспарларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік холдингтер мен өңірлік билік органдарының жұмысын үйлестіру қажет",- деді И. Исекешев.

"Сол себепті біз өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес Индустрия және сауда министрлігін институттық тұрғыда бекіту жөніндегі ұсынысымызды енгіземіз", -деді И. Исекешев.

Оның айтуынша, қазір Индустрия және сауда министрлігі экономикалық сипаттағы көптеген мәселелер кешені үшін жауап береді. "Көп жағдайда бұл функцияларда өкілеттілік пен оларды жүзеге асыруға қажетті ресурстары жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны