08.04.2008, 17:36 3538

ҚР Индустрия және сауда министрлігі сауда базарларының қызметін ретке келтіретін заң жобасын дайындайды

ҚР Индустрия және сауда министрлігі сауда базарларының қызметін ретке келтіретін заң жобасын дайындайды

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкімет отырысында ҚР Индустрия және сауда министрлігіне "Сауда қызметін ретке келтіру мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ензігу жөнінде" заң жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні базарлардың қызметі "сауда қызметін реттеу жөніндегі" заңы және 2003 жылдың ақпан айында сауда базарлары қызметін ұйымдастыру ережелері жөнінде үкімет бекіткен қаулысымен реттелуде. Бүгінгі жағдайды ескере отырып, бұл ережелер ескірді және тым ауыр болып отыр", - деді В. Школьник.

Ол Ресейді мысалға келтіре отырып, биылғы жылдың 1 қаңтарында "Дара саудасы жөнінде" заңының күшіне енгенін айтты. Онда сауда базарын құрудың талаптары, базарларға куәлік беру, құрылыстарды жасау, сауда орындарымен қамтамасыз ету және сауда базарындағы тәптіпті сақтап басқару бойынша базар әкімшілігінің жауапкершілік шаралары қарастырылған.

"Сауда базарларын реттеу саласында туындаған мәселелерді ескере отырып, 2009 жылдың заң жобалық жұмыс жоспарына "Сауда қызметін ретке келтіру мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ензігу жөнінде" заң жобасын дайындау керек ", - деп мәлімдеді премьер министр. Оның пікірі бойынша, заң жобаға сауда базарларын ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттеу, онда өздерінің қызметін атқаратындардың міндеттері мен құқықтары көрсетілуі тиіс.

"Сондай-ақ, базарларға қойылған талаптарды қамтамасыз ету мақсатында, сауда кәсіпорындарының реестірін құру үшін, сауда базарларының куәлігін жасау, елді мекендер мен мекендерді сауда алаңдарымен қамтамасыз етудің талаптық нормаларын енгізу, базар иелері мен оны басқаратындардың міндеттері мен құқықтарына шектеу қою үшін әкімшіліктік кодекске өзгерістер енгізу керек. Сонымен бірге, базар әкімшілігіне есеп қисапты жүргізуді және базар аймағында болған әрекеттерге байланысты жауапкершілікті жүктеу керек", - деді ИСМ.

Иділет министрі Зағипа Балиева мәлімдегеніндей, бұл заң жоба бойынша жұмысты 2009 жылдан бұрын бастауға болады. "Келесі жылды күтпей-ақ, өзгерістерді біз биылғы жылы енгізе аламыз", - деп есептейді ол. Оны премьер-министр Кәрім Мәсімов қолдап ИСМ "отырыста айтылған ұсыныстарды ескере отырып жобаны даярлауды тапсырды".

"Үкімет тарапынан жасалып отырған анық сауда саясатының мәселесі кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне және әкімдіктерге айтылған маңызды тақырып. 90 жылдары мәселе басқаша түрде қойылды, ол кезде жеке сауда ынталандырылды, сол кезде ол дұрыс саясат болды. Ал қазір біз басқа экономикалық жағдайда дамып отырмыз, сондықтан бұл жерде барлық мәселелер реттелуі тиіс ", - деді үкімет басшысы.

"Заң жобаның жұмыстарын тездетуді мен қолдаймын, қазір жаңа Салық кодексі дайындалып жатыр, онда сауда орындарында арнайы режимдерді қалай бекітсек, сөйтіп алдағы 5-6 жылда біздің сауда дамитын болады. Бұл маңызды мәселе ", - деді премьер қаржы министрлігінің басшысы Болат Жәмішевке назарын аударып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны