10.06.2008, 13:20 2763

ҚР Индустрия және сауда министрлігі шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің өз қаржысы есебінен несиелендірудің оң динамикасын атап өтуде

ҚР Индустрия және сауда министрлігі шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің өз қаржысы есебінен несиелендірудің оң динамикасын атап өтуде

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің өз қаржысы есебінен несиелендірудің оң динамикасын атап өтуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің өз қаржысы есебінен несиелендірудің динамикасы жылдың алғашқы төрт айында оң санды құрады", - деді В. Школьник.

Оның мәліметінше, егер "қаңтар айында екінші деңгейлі банктер өз қаржысы есебінен шағын және орта бизнес субьектілеріне 65 млрд теңгенің несиесін берсе, сәуір айында берілген несие көлемі 121,5 млрд теңгеге жетті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны