07.06.2007, 16:01 3007

ҚР индустрия және сауда министрлігі технопарктердегі ғылыми-қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін инновациялық гранттар тарату бағдарламасын келесі жыл іске қоспақшы

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. ҚР индустрия және сауда министрлігі технопарктердегі ғылыми-қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін инновациялық гранттар тарату бағдарламасын келесі жыл іске қоспақшы. Бұл туралы бүгін "Инновациялық жобаларды өндіріске енгізу проблемалары туралы" деген тақырыптағы семинар барысында индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бишимбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір көптеген ғалымдарда қызғылықты инновациялық идеялар бар, бірақ, оларда капитал жоқ. Оларға консультациялық және заңгерлік көмек қажет, тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгіні шығару керек. Бұның бәріне ақша қажет. Ал жеке меншік сектор жоғары тәуекелге байланысты ондай қадамға бара бермейді. Ұлттық иновациялық қор да оған баруға құлықсыз. Ол өнертапқыштың нақты өніммен келгенін талап етеді. Ал ғалымда тіпті алғашқы капитал да жоқ",- деді Қ.Бишимбаев.

"Біздің ойымызша, инновациялық өнертапқыштардың өнімінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісі аймақтық технопарктерде шығарылуға тиіс. Онда олар сарапшылардың бақылауынан өтіп, бағалануға тиіс. Сарапшылар кеңесінде мақұлданған жағдайда инновациялық грант алу құқығына ие болмақ",- деді ол. "Бұл гранттар оларға технопарк қызметінің төлемін өтеуге, оның зертханаларына шығуға және өнертабыстың тәжірибелік-конструкторлық үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Қолда бар үлгімен олар кейінгі жылдары Ұлттық инновациялық қор құрған венчурлық қорларға немесе Ұлттық инновациялық қордың өзіне жүгіне алады",- деді вице-министр.

"Бұл тұжырымдаманы біз "Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету туралы" заңға арқау етіп алдық, тиісті өзгерістерді біз биыл енгізе аламыз деп үміттенеміз",- деді Қ.Бишимбаев. "Келісі жылдың бюджетін қалыптастыру барысында біз бірқатар осындай бағдарламаларды іске қоса аламыз деп сенеміз, олар инновациялық қызметті жандандыруға септігін тигізіп, бизнес тарапынан қызығушылық тудырады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны