06.06.2008, 14:33 1424

ҚР Индустрия және сауда министрлігі тұрғын үй құрылысы саласын қолдауға қосымша көмек көрсетілу мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР Индустрия және сауда министрлігі тұрғын үй құрылысы саласын қолдауға қосымша көмек көрсетілу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі тұрғын үй құрылысы саласын қолдауға қосымша көмек көрсетілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс ісі жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Николай Тихонюк Астанада бірқатар құрылыс нысандарын аралаған кезде журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тағы бір мүмкін қадам - мемлекеттен ипотекалық несие беріп, оны Қазақстанның ипотекалдық компаниясы арқылы, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының жүйесі арқылы реттеу. Егер біз осы нарықты жандандыра алмасақ, онда ипотека мемлекеттен беріледі", - деді Н. Тихонюк.

Оның айтуынша, егер ипотекалық бағдарламаға қаржы бөлу жөніндегі шешім қабылданса, "берілетін ипотекалық несиелердің проценттік ставкалары біршама төмен болмақ".

Н. Тихонюктың айтуынша, қазір Индустрия және сауда министрлігі Астана мен Алматы қалалық әкімшіліктерінен "өтпей қалуы мүмкін деп күтілген баспана санына" қатысты мәліметті сұрап отыр.

"Бұл ұзаққа, екі аптаға жуық созылатын процедура, содан кейін біз үкіметке қандай көлемдегі қаражат керек екендігі жөнінде бағдарлық есепті береміз", -деді ол.

Н.Тихонюк осы орайда мемлекет тарапынан саланы қолдауға бірқатар шаралар қолданылғанын еске салды. Атап айтсақ, уәкілетті орган ретінде индустрия министрлігі "әкімшіліктер үшін бюджеттік бағдарламалардың паспортын толық өзгертті".

"Ендігі жерде, өңірлердегі әкімдіктер пәтерлерді салумен, тапсырыс берумен қатар оны сатып алуға да құқылы. Бұл әсіресе өңірлерге қатты әсерін тигізді. Бұл үйлердің сатылуы үшін мемлекет тарапынан жасалған тағы бір көмек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны