07.05.2008, 14:27 2469

ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары жөніндегі ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады (толықтырылған нұсқасы)

ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары жөніндегі ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары туралы ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдалану нарығындағы Қазақстан үлесін дамыту" атты бас қосу барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жер қойнауын пайдаланушыларға жоспардағы сатып алулары жөніндегі ақпаратты толық беру жөніндегі талапты күшейту орынды деп санаймыз, ондай ақпарат шикізат өндіруші компаниялардың тауар, жұмыс және қызметке деген сұранысын паш етеді", -деді Е. Мамытбеков.

"Осыған байланысты ҚР Индустрия және сауда министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушыларды келісімдерде көрсетілген шарттарға сай тіпті кеніштерді игеру жөніндегі келісім-шарттарын бұзуға дейін жауапкершілікке тарту жөнінде коллегиялық шешім қабылдау мүмкіндігін қарастырмақшы", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, "заң бұзушы жер қойнауын пайдаланушылар туралы тиісті ақпараттық анықтама президент әкімшілігі мен үкіметке тапсырылады, тиісінше олар тауар, жұмыс және қызмет сатып алу жөніндегі жылдық бағдарламасы мен сатып алулары туралы есеп бермеген жер қойнауын пайдаланушыларға қатытсы нақты шара қолданады".

Өз кезегінде ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Баталов "ел президентнің тапсырмасымен Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің шарттық міндеттемелер мен жоспардағы инвестициялық келісім шарттарының орындалуына қатаң мониторинг жүргізіп отырғанын" еске салды.

"Өткен жылдың аяғында біз жер қойнауын пайдалануға берілген 97 келісім шартын бұздық, қазір біз осы міндеттемелердің орындалуына қатысты 2007 жылғы нәтижелерді зерттеп, келісім-шартын бұзуға жаңа тізім дайындап жатырмыз", -деді А. Баталов.

"Бұл жұмыстардың нәтижесінде белгілі болғанындай, қазір елімізде көмірсутегі мен басқа да пайдалы қазбалар өндіретін компаниялардың 80% келісім-шарттарындағы міндеттемелерін 80% орындап отырса, қалған 20% обьективті себептермен тиісті көрсеткішке жеткізе алмай отыр", - деді ол.

Дегенмен, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының атап көрсетуінше, мекеме "жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі келісімдегі шартты қалай орындап отырғанын мұқият қадағаламақ ниетте". "Мен сонымен бірге біздің жер қойнауын пайдаланушыларды кейінгі жылдары қабылданған заңнамалық талаптарды орындауға мәжбүрлеп отырғанымызға, дегенмен, еліміздің тауар өндірушілері республиканың мұнайгаз саласына қажетті барлық тауарлар мен қызмет түрлерін толық көлемде қамтамасыз етуге әлі де дайын емес екеніне назар аудартқым келеді ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны