06.01.2014, 21:49 3058

ҚР Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді

"Бүгінге дейін Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан 12 мың жаңа жұмыс орнын ашқан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді. 2013 жылы 495 жұмыс орнын ашқан 5,7 млрд теңгелік 10 жоба іске асырылса, Индустрияландыру картасы аясында құрылған өндірістерде 103,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімдері шығарылған", - делінген хабарламада.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан 12 мың жаңа жұмыс орнын ашқан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінге дейін Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан 12 мың жаңа жұмыс орнын ашқан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді. 2013 жылы 495 жұмыс орнын ашқан 5,7 млрд теңгелік 10 жоба іске асырылса, Индустрияландыру картасы аясында құрылған өндірістерде 103,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімдері шығарылған", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, таяуда өткен "Бизнестің жол картасы-2020" мен "Моноқалаларды дамыту" бағдарламалары бойынша облыс әкімінің қатысуымен өткен ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Координациялық кеңестің отырысында 64, одан кейін 56 жоба мақұлданды.

Мақұлданған жобалардың тізімі субсидия келісімін түзу үшін "Даму" Қоры мен екінші деңгейлі банктерге және субсидия келісімін одан ары құру үшін моноқалалардың әкімдіктеріне жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны