09.09.2016, 09:19 2965

ҚР Инвестициялар және даму министрілігінде жеӊіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөніндегі жиын өтті

Аӊ терісінен жасалған бұйымдарды таӊбалау қажеттігі және ірі қара малдыӊ өӊделмеген терілерін Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға тыйым салу қажеттігі де айтылды.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектіӊ басшылығымен жеӊіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөніндегі жиын өтті. Онда Алматы облысындағы "Қуат LTD" ЖШС негізінде жүн кластері жобасы таныстырылды, деп хабарлады ИДМ.

Сонымен қатар, жиын барысында Жеӊіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығыныӊ, Жеӊіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағыныӊ өкілдері сөз сөйлеп, аталмыш салада қордаланып қалған өзекті мәселелер жайлы хабарлады.

Кездесуге сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, қорғаныс, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерініӊ, "Бәйтерек" ҰҚБ" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ, "NADLoC" АҚ, "KAZNEX INVEST" АҚ өкілдері қатысты.

Жиынға қатысқандардыӊ айтуынша, бүгінгі таӊда контрафактілік өнімдердіӊ нарыққа жеткізілуі мен сатылу мәселелері өзекті болып қалуда, ал Қазақстанныӊ ішкі нарығында жеӊіл өнеркәсіп өндірушілері үшін экономикалық шарттардыӊ әркелкі болу мәселесі әлі де шешілмеген.

Оған қоса, тауар өткізу желісініӊ күйреуі, өндіріс, көтерме және бөлшектеп сату салаларыныӊ өзара байланысыныӊ бұзылуы орын алған. Аӊ терісінен жасалған бұйымдарды таӊбалау қажеттігі және ірі қара малдыӊ өӊделмеген терілерін Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға тыйым салу қажеттігі де айтылды.

Талқылаудыӊ қорытындылары бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ өкілдері аталмыш саланыӊ өзекті мәселелерін шешу жөніндегі өз ұсыныстарын берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны