20.02.2017, 19:26 4929

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде 2016 жылдыӊ нәтижелері қорытындыланып, 2017 жылғы міндеттер белгіленді

2017 жылғы 20 ақпанда ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ 2016 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы басты міндеттеріне арналған алқа мәжілісі өтті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 20 ақпанда ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ 2016 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы басты міндеттеріне арналған алқа мәжілісі өтті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мәжіліске ҚР Парламентініӊ депутаттары, ҚР Президенті Икімшілігініӊ, ҚР Премьер-министрі Кеӊсесініӊ, мемлекеттік органдардыӊ, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ өкілдері, министрліктіӊ Қоғамдық кеӊес мүшелері қатысты. Селекторлық режимде облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, Астана және Алматы қалалары әкімдерініӊ индустриялық-инновациялық мәселелер бойынша орынбасарлары, аумақтық бөлімшелер мен министрліктіӊ ведомствалық бағынысты ұйымдарыныӊ басшылары қосылды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек өз баяндамасында дағдарысқа қарамастан индустрияландыру саясатыныӊ нәтижесінде өӊдеу өнеркәсібі түсті металлургия (+8,5%), қара металлургия (+3,3%), фармацевтика (+2,5%), электротехника (+2,5%) саласындағы өсімніӊ есебінен 0,7%, артқанын атап өтті.

Индустрияландыру Картасы аясында 2016 жылы құны 878 млрд. теӊге болатын 130 жоба іске қосылып, 10 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды. Карта жобалары 2016 жылы 2,2 трлн. теӊгеніӊ өнімін шығарды, оныӊ ішінде 1,4 трлн. теӊгесі (бүкіл сектордыӊ 18% астамы) өӊдеу өнеркәсібініӊ үлесінде. Биылғы жылы құны 700 млрд. теӊге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр. Қосымша 10 мыӊ жұмыс орны ашылады.

Министрдіӊ айтуынша, өнеркәсіп жаӊа жағдайларға бейімделе алды. Жыл қорытындысы бойынша өӊдеу өнеркәсібінде жиынтық өсімді кем дегенде 2,5% жеткізу жоспарда бар.

Сондай-ақ, министрлік Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша осы және алдағы жылдарға арналған нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ал 2017 жылы желтоқсанда базалық салаларды технологиялық жаӊғырту бойынша 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспар қабылданады.

"Индустрия 4.0 Қазақстан үшін тек қана алға қойылған мақсат емес, сондай-ақ, ішкі нарықтыӊ тарлығы, теӊіз сауда жолына қолжетімділіктіӊ жоқтығы, білікті жұмыс күшініӊ тапшылығы сияқты өзге де объективтi факторлардыӊ әсерін азайтуға қосымша мүмкіндік береді", - деді Ж.Қасымбек.

Биыл заманауи сандық технологияларды енгізу мақсатында 7-10 пилоттық кәсіпорын таӊдап алынады. "Аталмыш кәсіпорындар өзге кәсіпорындарға үлгі ретінде "модельді сандық фабрикалар" қызметін атқаратын болады. Пилоттық жоба бойынша жұмыстар 2018 жылы да жалғасатын болады", - деді министр.

Сандық технологияларды еліміздіӊ жүйе құрушы кәсіпорындарына енгізу жұмыстары да күшейтіледі. Бүгінгі күнніӊ өзінде-ақ бірқатар компаниялар аталмыш технологияға үлкен қызығушылық білдіріп, сандық шешімдерді енгізуді бастап кетті.

Министрлік ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес елдіӊ инвестициялық ахуалын жақсарту жұмысын жалғастыруда. 2016 жылдыӊ қазан айында инвестиция жөніндегі ЭЫДҰ Комитеті Қазақстанды осы ұйымныӊ қатысушысы ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған болатын. Биыл наурыз-сәуір айларында Кеӊестіӊ шешімі шығарылады деп күтілуде.

Елімізде жұмыс істеп жатқан және болашақ инвесторлармен тұрақты жұмыс атқарылуда. "Бір терезе" қағидасы арқылы 2016 жылы 5500-ден астам өтініш түсіп, 8000 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, сондай-ақ, "кері байланыс" қамтамасыз етілуде.

Инвестиция тарту бойынша басымдыққа ие 10 мемлекетте (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оӊтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, ҚХР, Үндістан) және "Kaznex Invest" АҚ 5 фронт-кеӊсесіндегі (АҚШ, Германия, Түркия, БАИ, ҚХР) арнайы кеӊесшілердіӊ әлеуеті пайдаланылуда. Олардыӊ жұмыс нәтижелері бойынша әлеуетті 735 инвестор-компания анықталып, 400-ден астам кездесу өтті. 82 компания өкілініӊ Қазақстанға іс-сапары ұйымдастырылып, 68 компаниямен меморандумға қол қойылды.

Аталған жұмысты әрі қарай жетілдіру мақсатында Елбасыныӊ тапсырмасымен жүйені трансформациялау басталды. Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе отырып, биылғы жылдыӊ маусым айыныӊ соӊына дейін инвестиция тарту бойынша Ұлттық стратегия әзірленетін болады. Стратегияда инвесторларды тарту мақсатында перспективалы салалар мен басым секторлар анықталып, инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар мен инвесторларды тарту тетіктері жетілдіріледі.

"Kaznex Invest" АҚ негізінде құрылатын арнайы "Кazakh Invest" ұлттық компаниясы Үкімет атынан ірі инвесторлармен және мақсатты ТҰК-мен "біріӊғай келіссөз жүргізуші" ретінде іс-қимыл жасайтын болады.

Сондай-ақ, министрлік отандық экспорттаушылармен жұмысты күшейтеді. Атап айтқанда, олардыӊ Ресей, Қытай, Иран, Түркия және Еуропалық Одақ елдерімен келісім-шарттар негізінде нарыққа шығу, сауда миссиясын ұйымдастыру, шығындарды өтеу мәселелеріне баса назар аударып, 2017 жыл экспорттыӊ қайта жаӊғыру жылы болмақ.

ҚазЭкспортГарант негізінде құрылған мамандандырылған ұлттық компания "KAZAKH EXPORT" алдына үлкен міндет қойылып отыр. Бұл компания Үкімет құрамындағы Ұлттық кеӊестіӊ басшылығымен жұмыс істейтін болады.

Көлік саласындағы негізгі жетістіктердіӊ бірі Қазақстанныӊ халықаралық рейтингтегі логистикалық тиімділігініӊ жақсаруы болды. Қазақстан 88-орыннан 77-орынға көтеріліп, ТМД елдері арасында көш бастады. Сонымен қатар, 2016 жылы қазақстандық әуе компаниялардыӊ ЕуроОдақ елдеріне ұшуына барлық шектеулер алынып тасталды. Астана қаласында ЭКСПО-2017 өтуіне байланысты келетін туристер мен әуе рейстердіӊ көбеюіне байланысты "ашық аспан" жобасы іске асатын болады.

Өткен жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша автожолдарды жөндеп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына 75 мыӊ адам тартылды. Нәтижесінде республикалық маӊыздағы автожолдыӊ 913 шақырымы жөндеуден өтіп, оныӊ 767 шақырымы қолданысқа берілді. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай", Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Қапшағай-Балпық би, Бейнеу-Шетпе және Көкшетау-Петропавл бағыттары бойынша транзитті дәліздер толығымен ашылды.

Сондай-ақ, министр құрылыс саласындағы көрсеткіштерді де атап өтті. 2016 жылы 10,5 млн. шаршы метр, яғни 90 мыӊ тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл салаға 2015 жылы 740 млрд. теӊге, ал 2016 жылы 830 млрд. теӊге инвестиция тартылды.

Жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде кәсіпкерлерге рұқсат беру процедуралары 25-тен 8-ге дейін ал, құрылыс үшін рұқсат алу 3 айдан 1 айға дейін қысқарды. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінде 2 жылдыӊ ішінде 152-орыннан 22-орынға көтерілді.

2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша елімізде 100 мыӊ тұрғын үй салынады. Бұл бағдарламаныӊ негізгі міндеті тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу болып табылады. Негізгі салмақ жекеменшік құрылыс компанияларына түседі және құрылыс жинақ салымдар жүйесі дамиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны