29.06.2011, 10:06 3152

ҚР ИЖТМ геология және жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесін реформалауға қатысты жұмыстар жүргізілуде - баспасөз баяны

Соңғы өзгерістер қатарында Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқару қызметіне Бекзада Тұрғанбаеваның кірісуімен қатар, "ҚазГеоИнформ" республикалық геологиялық ақпарат орталығының жетекшілігіне Сәуле Оразаеваның тағайындалулары бар.

Геология және жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік басқару жүйесін өзгерістер күтіп тұр. Бұл туралы ҚР ИЖТМ өткен жиналыс кезінде ҚР премьер-министрінің орынбасары, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомствода қазірдің өзінде бірқатар ауыс-түйістер орын алған.

Соңғы өзгерістер қатарында Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқару қызметіне Бекзада Тұрғанбаеваның кірісуімен қатар, "ҚазГеоИнформ" республикалық геологиялық ақпарат орталығының жетекшілігіне Сәуле Оразаеваның тағайындалулары бар.

Вице-премьердің айтуынша, бұл жұмыс осы саладағы әкімшілік жүйесін кешенді түрде жақсартуға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны