26.02.2014, 20:31 8424

ҚР ИЖТМ мен ШҚО ынтымақтастық бойынша 2 меморандумға қол қойды

Мәжіліс қорытындысында екі құжатқа қол қойылды. Олар әкімдік пен ИЖТМ арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум және ИЖТМ мен "ҚазМырыш" ЖШС арасындағы геология саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі туризм бойынша меморандум құрды. Оған қоса, "ҚазМырыш" ЖШС-мен геология саласында ынтымақтастық түзілді.

ШҚО ақпараттық орталығында хабарлағандай, Премьер-министрдің орынбасары -ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министріИсет Исекешев Шығыс Қазақстан облысында Премьер-министрдің орынбасары -ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Шығыс Қазақстан облысында толық айналымдағы қуаты жылына 120 мың авто болатын автозауыт пен автобөлшектер өндіретін технопарктің құрылысымен танысты.

Мәжіліс қорытындысында екі құжатқа қол қойылды. Олар әкімдік пен ИЖТМ арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум және ИЖТМ мен "ҚазМырыш" ЖШС арасындағы геология саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум. Аталған құжат геологиялық барлау бағдарламасының тиімділігін арттыруға және "Үлкен Алтай - Орталық Азияның бірегей кенді провинциясы" жобасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан аумағындағы минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға бағытталған.

Меморандумға сай, "Қазмырыш" 5 жыл ішінде (2014-2018 аралығы) Қазақстан аумағына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге кемінде 15 млрд теңге инвестиция салады. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бөлінетін инвестиция көлемі "Қазмырыштың" геологиялық барлау жұмыстарын атқаруда жер қойнауын пайдалану үшін жеткізу мерзіміне тәуелділігін өзгертеді. Келісілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен бірігіп рудалы Алтай жерін пайдалану құқын беріп, жобаның міндеттемесіне сай жерді игеру туралы заңнама аясында керекті геологиялық ақпаратты алып береді.

Алдағы уақытта "ҚазМырыш" пен "Рио Тинто" арасындағы келісімге сай, геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 30 млрд теңге құю қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны