30.11.2007, 12:53 2713

ҚР қаржы министрі орынбасарының пікірінше, пайдалы қазбаларға енгізілген жаңа салық инвесторларды жасқындырмайды

ҚР қаржы министрі орынбасарының пікірінше, пайдалы қазбаларға енгізілген жаңа салық инвесторларды жасқындырмайды

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгні" - ҚР қаржы министрінің орынбасары Дәулет Ерғожиннің пікірінше, қазба байлықтарына енгізілген жаңа салық түрі инвесторларды жасқындырмайды. Мұндай пікірді ол журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Инвесторды жасқындыру үшін, бір нәрсені мемлекеттік меншікке қайтарып алу керек, ал біз бұл туралы мәселе көтеріп жатқанымыз жоқ", - деді Д. Ергожин.

"Заңдық тұрғыдан меншікті мемлекетке қайтару - заңды түрде нормативтік-құқықтық акті қабылдап, онда құқықпен лицензияны кері қайтару, сондай-ақ, мемлекет территориясындағы дүние-мүлікті тәркілеу туралы баптар енгізіледі. Ал біз кен орындарын пайдаланушылардың Қазақстанда заң жүзінде жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық заңдарын орындау туралы мәселе көтеріп отырмыз ", - деді ол.

Вице-министрдің пікірінше, "мұндай нормалар барлық мемлекеттерде бар, сондықтан олар инвесторларды жасқындырмау керек". "АҚШ пен Ұлыбританияда, мемлекет тарапынан табысты ұлғайту үшін, салық ставкалары белгіленеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны