30.11.2007, 13:01 2723

ҚР қаржы министрі орынбасарының пікірінше, пайдалы қазбаларға енгізілген жаңа салық инвесторларды жасқындырмайды (толықтырылған нұсқа)

ҚР қаржы министрі орынбасарының пікірінше, пайдалы қазбаларға енгізілген жаңа салық инвесторларды жасқындырмайды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгні" - ҚР қаржы министрінің орынбасары Дәулет Ерғожиннің пікірінше, қазба байлықтарына енгізілген жаңа салық түрі инвесторларды жасқындырмайды. Мұндай пікірді ол журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Инвесторды жасқындыру үшін, меншікті мемлекеттің иелігіне қайтару керек, ал біз ол туралы мәселе көтеріп жатқанымыз жоқ", - деді Д. Ергожин.

"Заңдық тұрғыдан меншікті мемлекеттің иелігіне қайтару дегеніміз - бұл заңды түрде нормативтік-құқықтық акті қабылдап, онда құқықпен лицензияны кері қайтару, сондай-ақ, мемлекет территориясындағы дүние-мүлікті тәркілеу туралы баптар енгізіледі. Ал біз кен орындарын пайдаланушылардың Қазақстанда заң жүзінде жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық заңдарын орындау туралы мәселе көтеріп отырмыз ", - деді ол.

Вице-министрдің пікірінше, "мұндай нормалар барлық мемлекеттерде бар, сондықтан олар инвесторларды жасқындырмау керек". "АҚШ пен Ұлыбританияда, мемлекет тарапынан табысты ұлғайту үшін, салық ставкалары белгіленеді".

Қаржы вице-министрі атап өткеніндей, "түсімдік салық өзінің тиімсіздігімен ашық еместігін көрсетті, ал қазба байлықтарына салынатын салық- ашық төлем және әкімшіліктендіру, жинау жағынан оңай ".

"Егер біз оны енгізсек, онда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғайып, шикізат құнының өсуіне байланысты, кен пайдаланушылары алып жатқан табысты әділетті түрде бөлуге мүмкіндік туады. Соның нәтижесінде, бюджет қоржынына түсетін қаржы көлемі өсіп, бұл ақша Ұлттық қорға аударылады, сондай-ақ, олар "Нұр Отан" партиясының бағдарламасында көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады, деп санайды Д. Ерғожин.

Қаржы вице-министрі атап өткеніндей, "бұл жерде тек Қашаған жобасы туралы әңгеме өрбітіліп отырған жоқ, бұл - Қазақстан бойынша жұмыс істеп жатқан барлық кен орындарын пайдаланушыларға қатысты мәселе".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны