08.12.2012, 09:54 1639

ҚР Қаржы министрлігі 11-шішығарылымның МЕУКАМ-84 13,1 млн данасын жылдық 6,00 % қосымша орналастырды

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 07 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылымның негізгі параметрлері, орналастырудың шарттары мен нәтижелері берілген (Алматы уақыты).

Алматы. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі 11-шішығарылымның МЕУКАМ-84 13,1 млн данасын жылдық 6,00 % қосымша орналастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 07 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылымның негізгі параметрлері, орналастырудың шарттары мен нәтижелері берілген (Алматы уақыты).

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде екінші деңгейдегі қазақстандық банкілердің (ЕДБ) - 40,3 %, ЕДБ клиенттері - 59,7% құрады.

"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-84 11-ші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 38,2 % ЕДБ, 61,8 % - ЕДБ клиенттері сатып алды.

Алдында өткізілген орналастыруды қосып есептегенде, 11 шығарылым МЕУКАМ-84 (KZKDKY070115) толық көлемі, номиналды жалпы сомасы 37 027 670 000,00 теңге, 37 027 670 облигацияны құрады.

Қаржы Министрлігі сатқан МЕУКАМ автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен, KASE қайталама нарығында, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша, айналысқа жіберіледі. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны