11.05.2007, 16:42 2882

ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді

АСТАНА. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Облигация құны республикалық бюджетте қаралған қаржы есебінен, яғни қосымша қаржыландырусыз жүзеге асырылды",- делінген қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылдың 3-наурыздағы "Халықаралық капитал нарығына салынатын мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясы туралы" қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне халықаралық капитал нарығына салынатын жалпы сомасы 200 - 500 млн АҚШ долларына тең мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларды сатудан түскен ақшаны республикалық бюджетке аудару тапсырылған.

Жетекші менеджерлер ретінде "J.P. Morgan", "Deutsche Bank"компаниялары қатысты.

Құны 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік құнды қағаздар 98,347 пайыз дисконтты бағамен 7 жыл мерзіммен 2000 жылдың 11-мамырында шығарылған болатын. Сыйақы мөлшері - 11,125 пайыз, ол жыл сайын 11 мамыр мен 11 қарашада өтелуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны