01.12.2012, 15:27 2867

ҚР Қаржы министрлігі 30 қараша күні биржада екінші шығарылымның 50,0 млн МЕУЖКАМ-132 (KZKAKY110047) 52,5 млрд тенге көлемінде қосымша орналастырды

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген шарттармен қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді (Алматы уақытымен) деп хабарлайды.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі 30 қараша күні биржада екінші шығарылымның 50,0 млн МЕУЖКАМ-132 (KZKAKY110047) 52,5 млрд тенге көлемінде қосымша орналастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 30 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген шарттармен қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді (Алматы уақытымен) деп хабарлайды.

"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУЖКАМ-132 екінші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды.

МЕУЖКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне қосудан алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі жариялаған, тұтынушылардың айлық индексіне қарай, соңғы 12 толық айдағы (2011 жылдың 01 қарашасынан бастап 2012 жылдың 01 қарашасына дейін) инфляция индексінің ағымдағы мәні 5,649 % құрады. Бұл қағаздардың айналыста болудың барлық мерзіміне алынған купондық мөлшерлемесінің интерполяциясы шартымен орналастырылған облигациялардың өтеуге кірістілігі қазіргі уақытта жылдық 4,81 % деңгейінде бағаланатынын көрсетеді.

Бұрын орналастырған МЕУЖКАМ-132 екінші шығарылымын ескере отырып, номиналдық құны 63 999 987 000,00 теңге 63 999 987 облигацияны құрады.

МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтаушы қорлары арасында орналастырылатын, мемлекеттік облигациялар болып табылады. МЕУЖКАМ айналыста болу мерзімінің ортасына дейін тек осы инвесторлар категориясы арасында ғана айналыста бола алады. Бұдан әрі олар нарықта еркін айналысқа жіберіледі.

Орналастырылған МЕУЖКАМ KASE қайталама нарығындағы айналысқа кестеде көрсетілген кодпен автоматты түрде жіберіледі. Бұл ретте облигациялары KASE сауда жүйесінде "таза емес" бағамен белгіленуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны