11.05.2016, 11:37 5039

ҚР Қаржы министрлігі ХҚҚДБ-нен экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 1 млрд доллар көлемінде қаражат тартпақшы

Қаржы министрлігі Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен Қазақстан экономикасыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 1 млрд доллар көлемінде қарыз тартпақшы, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен Қазақстан экономикасыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 1 млрд доллар көлемінде қарыз тартпақшы, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылдыӊ 1 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында 1 млрд АҚШ доллары сомасына қарыз туралы Келісімге қол қойылды. Аталған қарыз 2016 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады", - деді Б.Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылғы бюджет тапшылығы 1%-ды құрайды.

"Негізінен біз Дүниежүзілік банкпен келіссөздерді 2 млрд доллар көлемінде жүргізген болатынбыз. Сондықтан, бірінші кредит бойынша 1 млрд доллармен шектеліп отырмыз. Дегенмен, алдағы уақытта еліміз үшін тағы 1 млрд доллар алуға қажеттілік туындаса, онда біз оны тарта аламыз. Қазірше мұндай қажеттілік туып отырған жоқ", - деп атап өтті ол.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы сәйкес келісімді ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары ратификациялады.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім Астанада 2016 жылғы 17 ақпанда жасалған болатын. Ол бойынша Дүниежүзілік банк Қазақстанға макроэкономикалық басқару және экономиканыӊ бәсекеге қабілеттілін арттыру саясатын қаржыландыру үшін 1 млрд доллар мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ және ҚР Үкіметініӊ экономиканы ынталандыру және экономикалық өсімге көмектесудіӊ стратегиялық шараларын орындауыӊ негізгі басымдықтарын қолдауға мүмкіндік береді.

Бұл қарызды 2,5 жыл жеӊілдік кезеӊін қосқанда 20 жыл ішінде жабу көзделген. Сыйақы мөлшерлемесі - ЛИБОР+ ауыспалы спред, бір реттік комиссия - жылына шешілмеген қарыздан 0,25%.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны