17.04.2007, 13:15 3033

ҚР қаржы министрлігі ипотекалық несиелер бойынша проценттік мөлшерлемені азайту бағдарламасын жасады

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. ҚР қаржы министрлігі ипотекалық несиелер бойынша проценттік мөлшерлемені азайту бағдарламасын жасады. Бұл туралы республиканың қаржы министрі Наталья Коржова үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қаржы министрлігі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасында "Ипотекалық несиелендіру және тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйелерін жетілдіру" атты бөлім дайындадық. Ол басымдық берілген тұрғындар санаттарына арнап үй сатып алуды қаржыландыруға арналады",- деді ол.

"Қаржы министрлігі жобасын жасаған бөлімде ипотекалық несиелендіру және тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйелерінің қай-қайсысын да дамыту көзделген. Нәтижесінде тұрғындардың басымдық берілген санаттары үшін ипотекалық несиелердің өсім ставкасы жылдық 7-8 процент болмақ",- деді Н.Коржова.

Сонымен бірге министр тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар туралы да баяндап берді. Онда басымдық берілген тұрғындар санаттары үшін екі жүйенің қайсыбірін таңдауға мүмкіндік беру, жылдық 7-8 процент мөлшерінде проценттік мөлшерлемемен несие алып қол жетімді үй сатып алу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны