03.12.2009, 18:12 2945

ҚР Қаржы министрлігі мен Азия Даму банкі автожол құрылысына $187 млн көлемінде несие бөлу туралы келісімге қол қойды

ҚР Қаржы министрлігі мен Азия Даму банкі автожол құрылысына $187 млн көлемінде несие бөлу туралы келісімге қол қойды

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі мен Азия Даму банкі автожол құрылысына $187 млн көлемінде несие бөлу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов бүгін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін ұзындығы 79 шақырымдық Тараз - Қордай тас жолы бөлігін қайта салуға $187 млн көлемінде екінші траншпен несие бөлу туралы келісімге қол қойылды ", - деді Ибілғазы Құсайынов.

"Құрылыс жұмыстары екінші техникалық санаттағы жолды төрт жолақты қозғалыспен бірінші санатқа айналдырып қайта салу бағытында жүргізіледі", - деді ол.

Өз кезегінде еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, "несиенің шарттары Қазақстан үшін тиімді". "$187 млн көлеміндегі несие 20 жылға бес жылдық жеңілдетілген мерзіммен беріледі", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны