28.02.2014, 17:01 9770

ҚР Қаржы министрлігі сыртқы нарыққа тұңғыш еурооблигация шығаруды жоспарлауда

"Биыл ішкі нарықты жоюға көрсетілетін қысымды азайту мақсатында біз сыртқы нарыққа дебютті еурооблигация шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл соңғы 13 жылдағы дебютті шығару болып табылады. Ол сыртқы капиталды тартатын қазақстандық компанияларға эталон құрып, өзара байланыс құнын түсіруге мүмкіндік береді", - дейді Б.Сұлтанов.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Қаржы министрлігі сыртқы нарыққа тұңғыш еурооблигация шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

"Биыл ішкі нарықты жоюға көрсетілетін қысымды азайту мақсатында біз сыртқы нарыққа дебютті еурооблигация шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл соңғы 13 жылдағы дебютті шығару болып табылады. Ол сыртқы капиталды тартатын қазақстандық компанияларға эталон құрып, өзара байланыс құнын түсіруге мүмкіндік береді", - дейді Б.Сұлтанов.

Биылғы жылдың басындағы мемлекеттік құнды қағаздар портфелі 3,6 трлн теңгені құрады, соның ішінде 51%-ы зейнетақы қорларына тиесілі.

"Сонымен қатар, экономикалық қауіпсіздік параметрлерін қаматамасыз ету мақсатында квазимемлекеттік сектордың қарызын басқару процесін реттеу мен мониторинг жасау шаралары дайындалуда", - деп аяқтады сөзін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны