15.02.2007, 16:30 3212

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізді

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізуді және сертификаттауды табысты жүргізді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

2007 жылғы 5-9 ақпан аралығында Санкт-Петербург қаласының "Русский Регистр" сертификаттау жөніндегі қауымдастығы агенттіктің ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сапа менеджменті жүйесі қауымдастығы қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуге қатысты ХС ИСО 9001:2000 сәйкес келеді деп таныды.

Қауымдастық "Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" мемлекеттік мекемесіне сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігі сертификатын беру туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны