12.12.2011, 15:34 4979

ҚР қазан айында орташа айлық жалақы жылдық көрсеткіште 17 пайызға көбейді

Қазақстанда орташа айлық номиналды жалақы қазан айында Т90 980 құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға,нақты көрсеткішпен 8,3%-ға көбейді. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында айтылған.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР қазан айында орташа айлық жалақы жылдық көрсеткіште 17 пайызға көбейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда орташа айлық номиналды жалақы қазан айында Т90 980 құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға,нақты көрсеткішпен 8,3%-ға көбейді. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында айтылған.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, салалық құрылымдар ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте байқалған - Т177,9 мың (орташа республикалық деңгейден 2 есеге көп), қаржы және сақтандыру қызметінде - Т165,1 мың (1,8 есеге), тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерларды игеруде - Т159,2 мың (1,7 есеге).

Ең төменгі жалақы сумен қамту жұмыскерлерінде; кәріз жүйесі, қалдықтарды тастауды бақылау қызметінің жұмыскерлерінде байқалды - Т54,7 мың, бұл ел бойынша көрсеткіштен 39,9%-ға аз.

Аймақтар бойынша жіктесек, ең көп жалақы Атырау облысында - Т164,3 мың, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге көп. Жамбыл облысындағы жалақы - Т65,3 мың, бұл ел бойынша орташа деңгейлен 28,2%-ға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны