16.01.2009, 17:54 2966

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 2009 жылы мемлекеттік сатып алудың көлеміндегі отандық өнімдердің үлесін 90%-ға жеткізбек

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 2009 жылы мемлекеттік сатып алудың көлеміндегі отандық өнімдердің үлесін 90%-ға жеткізбек

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде 2009 жылы мемлекеттік сатып алудың көлемі 64 млрд. теңгені құрайды, олардың 90%-ы отандық өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрайды. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Саланың ағымдағы және жоспарланып отырған жобалары бойынша барлық конкурстық құжаттамаға қолданыстағы заңнама шеңберінде қазақстандық үлесті көбейтуге ынталандыратын арнайы шарттар енгізілді.

Бұл ретте көлік-коммуникация кешені сабақтас салалардың материалдары мен қызметтерін пайдаланатын ең ірі тұтынушы болып табылады. Мәселен, темір жолдың жылжымалы құрамды жаңартуға деген қажеттілігі таяудағы 10 жыл ішінде 6 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін, мұндағы қазақстандық құрауыш бірінші кезеңде 14 %, ал кейінгі кезеңдерде оны 38%-ға жеткізуге болады,- деді ол.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні бұл бағыт бойынша отандық көліктік машина жасауды дамыту жөніндегі жалпыға мәлім жобалар іске асырылуда:

2009 жылдың шілдесінде "Дженерал Электрик" компаниясымен бірлесіп Астана қаласында жылына жобалау қуаттылығы бойынша 100 локомотив шығаратын тепловоз құраушы зауыт пайдаланымға енгізіледі. Жоба шамамен 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Атбасар электровоз жөндеу зауытының негізінде жүк электровоздарын жетілдіру басталды, оның шеңберінде 1000 түрлі құрауыштан артық болатын жергілікті өндіріс игерілді.

"Зиксто" АҚ "Вагон жасау" жобасын жүзеге асыруға кірісті және ресейлік құрауыштарды пайдалана отырып төрт ашық жүк вагонын жасап шығарды.

Екібастұз қаласында жобалық қуаттылығы жылына 2 500 ашық вагонға дейін болатын вагон жасау зауытын ашу жоспарлануда және Алматы қаласында жобалық қуаттылығы жылына 100 жолаушы вагоны болатын вагон жасау зауытын салу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны