16.01.2009, 18:05 2999

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 875 млрд. теңге сомаға бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды жоспарлауда

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 875 млрд. теңге сомаға бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды жоспарлауда

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 жылғы дағдарысқа қарсы қолданатын бір шарасы ретінде 875 млрд. теңге сомаға бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды жоспарлауда. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

С.Ахметовтың айтуынша, "конкурстарды дайындау аяқталды және министрлік автожол саласындағы жалпы сомасы 455 млрд. теңге төрт ірі концессиялық жоба бойынша тендерлік рәсімдер өткізуге кірісті".

Темір жол саласының қазірдің өзінде іске асырылып жатқан үш концессиялық жобасы бойынша 2009 жылы - 35 млрд.теңге, 2010 жылы - 54 млрд.теңге, 2011 жылы 47 млрд.теңге инвестициялар тартылатын болады.

Бюджеттен тыс инвестициялардың басқа ірі көзі жалпы сомасы 420 млрд. теңге заем болып табылады, оны бес әлемдік қаржы институты, атап айтқанда, Дүниежүзілік Банк, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ, ЖХЫБ ұсынады.

Займ қаражаты негізінен ұзақтығы 1644 км "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізінің учаскелерін қаржыландыруға бағытталатын болады. Тек қана осы жоба бойынша жыл сайын тұрақты негізде 35 мыңға дейін адам іске тартылатын болады. 2009 жылы дәлізді қайта жаңартуға 34,2 млрд.теңге көлемінде қаражат көзделген, бұл 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында Қызылорда облысында (789 км), Жамбыл облысында (183 км) және Алматы облысында концессиялық негізде Алматы-Қорғас учаскесінде жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді .

Бұл ретте 875 млрд. теңге сомаға бюджеттен тыс инвестицияларды тарту жоспарын іс жүзінде іске асыру жұмыспен қамтудың ықтимал қысқартылуын 30 мың адам орнымен толтыруға және қосымша 15 мың адамға жұмыс орнын ашуға сөзсіз мүмкіндік береді. Бұл ретте саладағы 1 орын салалас салалардағы 6 жұмыс орнын ынталандырады, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны