25.09.2008, 13:26 1717

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі бойынша халықаралық деңгейде біртұтас механизм қолдануды ұсынып отыр

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі бойынша халықаралық деңгейде біртұтас механизм қолдануды ұсынып отыр

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі бойынша халықаралық деңгейде біртұтас механизм қолдануды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Халықаралық "ТрансЕуразия-2008" форумы аясында "Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар" деген тақырыпқа арналған Халықаралық конференцияда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өз сөзінде Д.Көтербеков мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің дүние жүзінде қолданылу алғышарттарына тоқталып өтіп, елімізде концессиялық жобаларды жүзеге асырудың заңнамалық базасын қалыптастыру барысына, осы механизмді іске асыру проблемаларына, басталып кеткен және жоспардағы концессиялық жобаларға жан-жақты тоқталды.

Еуразия құрлығында халықаралық экономикалық байланыстардың жаһандану процестерінің тереңдеуіне, Шығыс Азия мен Еуропа арасында жүк тасымалының өсуіне байланысты еуразиялық трансқұрлықтық көпір ретінде "Ұлы Жібек Жолын" қайта жаңғырту өзекті мәселеге айналып отыр.

Ескі және жаңа темір жолдар мен автомобиль жолдарын қайта салу негізінде осындай көпірді құру арқылы жолда жүру уақытын 40 күннен 10 күнге, Суэц каналы мен Африканы айналып жүру бағдарғысымен салыстырғанда жол ұзақтығын 8-15 шақырымға қысқарту мүмкін болады.

Илемнің көптеген елінде осыдан ондаған жылдар бұрын қалыптасқан инфрақұрылымды сауықтыруға деген қажеттілік туындап отыр. Қоғамдық инфрақұрылымды реформалауды әдетте бюджеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асыру механизмі қолданылып келеді. Көптеген шет мемлекеттердің үкіметтері инфрақұрылым проблемаларын шешуге салықтан түсетін қаржының жеткіліксіз екеніне көзі жетті. Аралас экономиканың қазіргі заманғы теориясы қоғамдық инфрақұрылымды жаңғыртуға мемлекеттік-жеке меншіктік механизмді қолдануды ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны