Система Orphus

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі темір жол транпорты саласында 17 мыңдай заң бұзушылықты анықтады

16.10.2009, 17:18 2778

Астана. 16 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі темір жол транпорты саласында 17 мыңдай заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің хабарламасы бойынша Көліктік бақылау комитетінің темір жол көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің 9 айлық қорытындысы шығарылды.

Темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың бірі жылжымалы құрамның тозуы болып табылады.

Көліктік бақылау комитеті магистральді, станциялық және кірме жолдардың жоғарғы құрылысы қанағаттанарлықсыз жағдайда екенін, ал жылжымалы құрамды жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмайтындығын айқындап отыр. 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында жүргізілген тексеру барысында темір жол көлігі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамау бойынша 17204 заң бұзушылық анықталды.

"Жүргізілген тексерудің материалдары негізінде 974 акті жасалды, 820 анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 820 нұсқама берілді. Икімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдың көлемі 10 млн 203 мың теңгені құрады.

"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес қауіпсіз жұмыс жасау жағдайын құру және магистральді темір жол желісін қалыпты жағдайында ұстауға бағытталған қозғалыс қауіпсіздігі ұйымдық және техникалық шаралар жиынтығын қамтамасыз ету қажет",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бірақ көрсетілген заңнамалық талаптарды темір жол кірме жолдардың иелері тиісті дәрежеде орындамайды. 2009 жылдың 3 тоқсанында ҚР темір жолдарында магистральді жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарының сақталмауы нәтижесінде маневрлік жұмыстарды жасау кезінде 62 вагонға зиян келтірілді, сонымен бірге темір жол кірме жолдарында вагондарды тиеу және түсіру кезінде 76 вагон бүлінді.

Комитеттің мәліметі бойынша, магистральді жолдардың жоғарғы құрылысының жағдайы да күтіп-ұстау сапасының тиісті деңгейде емес екенін көрсетіп отыр, "Алматы-Астана" жолының жылдам жүретін учаскесінде жүру жылдамдығын шектеу жөнінде жасалған ескертулер үшін тек ағымдағы жылдың 9 айы ішінде "Тальго" жылдам жүретін жолаушылар поезын кідіртуге байланысты 215 жағдай тіркелді. Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының салалық қызметтерінің кінәсінен 3134 жолаушылар поезы жол жүру кезінде кідіріске душар болды.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, болуы мүмкін апат зардабының алдын алу мақсатында Көліктік бақылау комитеті есепті кезеңге дейін 183 локомотивті, 906 вагонды және 122 арнайы жол техникасы бірлігін пайдалану бойынша тыйым салу шараларын қабылдады.

"Жолдың жоғарғы құрылысының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне байланысты комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері 297 кірме жолда вагондарды беру-жинау жұмыстарын бұзушылықты жойғанға дейін тоқтатты.

Комитеттің темір жол көлігі саласындағы жұмысының негізгі бағыттары ҚР темір жол желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, 2009 жылдың қыркүйек айында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері "Таман" ЖШС мен "Ибраев и К" ЖШС-нің вагон жөндейтін деполарының "Екібастұз - 1" және Семей станцияларында күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 17 жүк вагонын пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ, жолаушылар тасымалы қызметін көрсететін жеке тасымалдаушыларды тексеру нәтижесінде жолаушыларды, жүк және салмақ жүктерін тасымалдау Ережесінің талаптарын орындамау фактілері анықталды. Көптеген мысалдардың бірі ретінде 2009 жылдың 1 қазанында "Ақтөбе - Маңғышлақ" бағытымен жүріп келе жатқан №310 поезын тексеру барысында анықталған бұзушылықты атауға болады: тексеру қорытындысы бойынша 105 жолаушыны (Өзбекстан республикасы азаматтары) билетсіз алып жүру фактісі анықталды. Көрсетілген азаматтарда жүру құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасында болу рұқсаттарының мерзімі өтіп кеткен. Аталған маршрутта жеке тасымалдаушы "ҚұнанТранс" компаниясы қызмет атқарады.

Бүгінгі күні комитет темір жол көлігіндегі апаттылықтың алдын алу бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауда.

"Осы мақсатта Комитет 2009 жылдың 1-қазаны мен 20-қарашасы аралығында жолаушылар шаруашылығында, сондай-ақ жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша жөндеу мекемелерінде қыс мезгіліндегі жағдайда жұмыс жасауға дайындық жүргізу мәселесі бойынша акция өткізуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны