12.05.2009, 15:46 3241

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамаға әуе транспорты бойынша өзгертулер енгізуді ұсынады

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамаға әуе транспорты бойынша өзгертулер енгізуді ұсынады

Астана. 12 мая. "Казахстан Сегодня" - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамаға әуе транспорты бойынша өзгертулер енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз үкіметке әуе транспорты туралы заңға енгізілетін түзетулерді енгіздік, онда "әуекомпаниялары" және "авиатехниканы тұтынушы компания" атауларына анықтама беріледі", - деді Ибілғазы Құсайынов.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес екі немесе одан артық ұшақ немесе тікұшақты пайдаланушы кез-келген компания әуекомпаниясы болып саналады. "Небәрі 2 ұшақты пайдаланса, ол әуекомпаниясы болып шыға келеді. Бұл - дұрыс емес. Осыған байланысты біз мұндай жағдайды өзгертеміз, заңнамада әуекомпаниясы деген не екені нақты айқындалады", - деді Ибілғазы Құсайынов.

Оның айтуынша, 2009 жылдың сәуір айында еуропалық комиссия Қазақстанның алты әуекомпаниясын қазіргі заманғы техникалық стандарттарға сәйкес келмеуге байланысты Еуропалық Одақтың әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынған әуекомпанияларының тізіміне енгізді ("Ист Винг", "Старлайн КЗ", "АТМА" "Авиакомпания "Кокшетау", "Авиакомпания "Беркут Эйр", "Авиакомпания "Саят Эйр").

"Бастапқыда мұндай әуекомпаниялардың саны тізімде 18 болған, біздің сапарларымыз бен консультациялардан кейін алтауы қалды. Олардың барлығы дерлік чартерлік рейстермен жүк тасымалдайды, тұрақты жолаушылар тасымалымен айналыспайды", - деді мекеме басшысы.

Сонымен бірге, оның айтуынша, 2010 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанның 47 ұшағын (АН-24, ЯК-40) пайдалануға тыйым салынбақ. "Біз 2010 жылдың 1 наурызына дейін ұшақтарды жаңалауға тырысуымыз қажет. Еуропалық стандарттарға сай келмейтін ұшақтардың саны 47 екенін айттық. Ал бүгінде азаматтық авиация саласы Еуропалық стандарттарға көшуде, сол себепті біз ұшулардың, еліміздің азаматтары мен елімізге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіспіз", - деді Ибілғазы Құсайынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны