06.06.2007, 16:13 2798

ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы мемлекеттік мекемелерден соттың шешімімен ақша өндіріп алу тәртібін өзгертуді ұсынады

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов мемлекеттік мекемелерден соттың шешімімен ақша өндіріп алу тәртібін өзгертуді ұсынады. Бұл ұсынысты ол бүгін сот үкімін орындаушылардың бірінші республикалық сьезінде ортаға салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Көп жағдайда сот шешімдерінің орындалмай қалуына мемлекеттік мекемелердің өзі кінәлі. Олардың сот шешімдеріне қатысты жиынтық берешегі миллиардтап саналады",- деді И.Рогов.

ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Бақытжан Ибдірайымовтың түсініктемесіне сәйкес, 2007-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен мемлекеттік мекемелердің сот шешімдері бойынша берешегі 2,76 млрд теңге болған.

"Соның ішінде миллиард теңге жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер, соның ішінде әкімшіліктердің үлесінде, 1,7 млрд теңге - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге тиесілі",- деді Б.Ибдірайымов. Оның айтуынша, ең үлкен берешегі бар мекемелер мыналар: Қаржы министрлігі (938,5 млн. теңге), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министерлігі (367,2 млн. теңге), Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (119,2 млн. теңге) және Иділет министрлігі (40,3 млн. теңге).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны