17.10.2012, 18:10 3159

ҚР машина жасау Одағы Австрияда өзінің ресми өкілдігін ашпақ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 22-23 қазан аралығында Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишердің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрия Республикасына ресми сапары өтеді.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - ҚР машина жасау Одағы Австрияда өзінің ресми өкілдігін ашпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 22-23 қазан аралығында Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишердің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрия Республикасына ресми сапары өтеді.

Сапар аясында 23 қазан күні Венада Қазақстан-Австрия бизнес-форумын өткізу көзделуде. Оның барысында екі ел іскер топтары Қазақстан мен Австрия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму болашағын қарастырады. Атап айтқанда, индустрия, машина жасау, энергетика, инфрақұрылым, туризм, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салалардағы 2015 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастық басымдықтары мен мақсаттары жөніндегі осыған дейін қабылданған құжаттардың жүзеге асу барысы қарастырылатын болады.

Сонымен қатар, ҚР машина жасау Одағының Австрияда ресми өкілдігін ашу және біздің елдеріміздің іскер топтар өкілдерінің қатысуымен Іскерлік Кеңес құру көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны