15.02.2008, 14:25 2473

ҚР машина жасау саласын дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау қажет- "Самұрық" басшысы

ҚР машина жасау саласын дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау қажет- "Самұрық" басшысы

Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" холдингінің басшысы Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытатын жаңа бағдарлама дайындауды ұсынып отыр. Бұл туралы ол бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясы жанындағы экономиканы диверсификациялау кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Машина жасау саласын дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау үшін қалыптасқан көзқарастарды өзгертуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізу керек. Сондай-ақ, саладағы түйткілдерді сараптап, оны шешу жолдарындағы басым бағыттарын белгілеп, негізгі қатысушылары мен жүзеге асыру механизмдерін анықтау керек", - деп мәлімдеді К. Бозымбаев.

Ол атап өткеніндей, "мемлекеттің қолдауынсыз және мемлекет тарапынан қаржы бөлінбесе, онда саланы қазіргі ауыр жағдайдан шығару немесе ірі инвестицияларды тарту сияқты мақсаттарды орындау мүмкін емес". "Инвестор сала бойынша тиімділігі 5% құрайтын жобаларды қарастырмайды. Ал мемлекет қолайлы жағдай туғызуға талпынбайды", - деп хабарлады "Самұрық"басшысы.

Оның пікірінше, "шетелдерде қолданылатын өндіріс саясатының түрлі құралдарын қарастыру керек. Ол- республикалық қорғаныс-кәсіпорын кешендерін дамыту үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын пайдалану, ҚР заңнамаларын ескере отырып қаржылық институттар белгілеген сыйақылардың бір бөлігін қарыздарға субсидия бөлу арқылы мемлекеттен қаржыландыру, салық және кедендік жеңілдіктер мен переференцияларын енгізу керек".

Ол атап өткеніндей, "өсіп бара жатқан бәсекелестікті ескере отырып, ДСҰ мүшелігіне кіру алдында ішкі нарықта шағын ғана көлемді алып отырған кәсіпорындарға жағдай жасалып, тіпті Қазақстанда "әділ бәсекелестік" қағидасын тікелей орындау кезінде отандық машина жасау саласы қайдайбір даму мүмкіндігінен айрылады".

Осыған орай "Самырұқ" басшысы "бір "ұлттық чемпионды" таңдап, оны қолдауға бар күш жұмсап, компанияға барлық жағдай туғызып, қолдау керек", деді.

"Менің пікірімше, бұл рольге "Қазақстан инжиниринг" ҰК " сай келеді. Ол бүгінде отандық машина жасау саласының басым бөлігі мен қорғаныс-өндіріс кешенін біріктіріп отыр", - деп мәлімдеді ол.

К. Бозымбаев мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып "машина жасау саласына мемлекеттік кешенді қолдау шаралары жөнінде ұсыныстарды дайындап, оны үкіметке тапсырудың қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны