30.06.2018, 00:12 5188

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшылығы шетелдік инвесторлармен кездесті

Кездесудіӊ мақсаты - облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды іске асыруда кездесетін түрлі әкімшілік кедергілерді және өзге де проблемалық мәселелерді талқылау, жобаны антикоррупциялық сүйемелдеу болып отыр.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіӊ) Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Иділхан Ишірбаев облыста жұмыс жасап жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті.

Кездесудіӊ мақсаты - облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды іске асыруда кездесетін түрлі әкімшілік кедергілерді және өзге де проблемалық мәселелерді талқылау, жобаны антикоррупциялық сүйемелдеу болып отыр.

Аталған кездесуге "Қазақинвест" АҚ облыстық филиалыныӊ директоры Б. Рамазанов және аймақтағы еӊ ірі 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыратын 6 инвестор компания басшылары мен өкілдері қатысты. Олардыӊ қатарында, жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт, кальциленген сода өндіру зауыты, шыны шығару және өӊдеу зауыты, томат пастасын өндіру, "Бала-Сауысқандық" кен орнын игеру және ванадий рудаларын өӊдейтін комбинатты кеӊейту, керамикалық зауыт және газ электростанциясы секілді инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан шетелдік инвесторлар болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов "Бүгінгі таӊда инвестициялық жобаларды антикоррупциялық сүйемелдеу мақсатында арнайы жедел топ құрылды және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында кездескен әкімшілік кедергілер мен коррупциялық фактілер туралы кез-келген инвестор кез-келген уақытта хабарласа алады" деп инвесторлардыӊ назарына жеткізді.

Жедел топ тәулігіне 24 сағат және 7 күн бойы жұмыс жасауда және "Қазақинвест" АҚ-мен тұрақты байланыс орнатылған.

Шетелдік инвесторлармен сұхбаттасу кезінде инвесторлардыӊ алдындағы кездесуі мүмкін проблемалық мәселелер, соныӊ ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуде кездесуі мүмкін проблемалар талқыланды.

Кездесу қорытындысымен индустриялық даму және өнеркәсіптегі қауіпсіздік, техникалық реттеу және метрология департаменттері басшыларыныӊ есебін тыӊдау, көші-қон қызметін толыққанды "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету" орталығы арқылы жүргізу және әрбір жоба бойынша күнделікті үш жақты ақпарат алмасып отыру ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны