13.05.2014, 21:17 3416

ҚР мен ҚХР ынтымақтастығы жөніндегі бірқатар екі жақты құжаттарға Шанхайда 19-21 мамырда қол қойылады - Б. Сағынтаев

Б. Сағынтаевтің мәліметінше, 2013 жылы ҚХР-на 13,4 мың тонна қазақстандық уран жеткізілді. Мыс жеткізу көлемі 2013 жылдың қортындысы бойынша 202 мың тоннаны құрады, 2014 жылға 154 мың тонна жоспарланған. ҚХР-на қазақстандық бидай жеткізудің жалпы көлемі өткен жылы 90 мың тоннадан асып түсті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ брифингінде.

"19-21 мамырға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-на мемлекеттік сапары мен Шанхайдағы АӨСШК-нің IV саммитіне қатысуы жоспарланған. Сапар барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, екіжақты құжаттарға қол қойылмақ", - деді Б. Сағынтаев.

Жалпы, екі жақты жұмыстың нәтижесінде 2013 жылы екіжақты сауда-саттық 22,5 млрд. долларды құрады. Оның ішінде 14,3 млрд. доллар Қазақстанның экспорты. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында екі жақты сауда-саттық көлемі 3,56 млрд. долларды көрсетті, оның ішінде ҚР экспорты - 2,57 млрд доллар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны