29.03.2010, 12:48 2725

ҚР мұнай және газ министрі мамыр айында жанар-жағармай бағасының қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР мұнай және газ министрі мамыр айында жанар-жағармай бағасының қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР мұнай және газ министрі мамыр айында жанар-жағармай бағасының қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығармайды және осыған сәйкес ауылшаруашылығы дихандарына қажетті жанар-жағармай көлемін толқ сәуір айында сатып алуға кеңес береді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сәуірдегі баға айқындалды: ол өткен кезеңдегімен бірдей: Аи-80 - 62 теңге, дизельдік отын - 67 теңге, Аи-92, 93 - 82 теңге", - деді С. Мыңбаев.

"ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мамырдың аяғына дейін баға тұрақты дегені әсте олай емес. Ол тек сәуір айына ғана тұрақты белгіленген", - деді министр. Осы орайда оның айтуынша, бұл - "барлық көлемді сәуірдің аяғына дейін алып алуға әсер ететін бір фактор болмақ".

Оның айтуынша, жанар-жағармайдың басым бөлігі импортталатын Ресей мен Қазақстан арасындағы дизельдік отынға баға айырмашылығы - 5 - 7 теңге. "Біз мұндай айырмашылықты ұзақ ұстап тұра алмаймыз, нарыққа мүлдем қысым жасауға болмайды", - деді министр. Ол мамыр айында жанар-жағармай бағасының қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Егер баға айырмашылығы ағымы сақталатын болса, мамыр айында баға өзгеретіні түсінікті, бірақ оның қаншалықты өзгеретінін мен айта алмаймын. Бұл - нарықтағы ахуалға байланысты", - деді С. Мыңбаев.

"Біз әлеуметітк маңызы бар мұнай өнімдеріне волюнтаристік жолмен баға белгілей алмаймыз. Біз нарықтағы ахуалды, ондағы ағымды жіті қадағалауымыз қажет. Ресей Федерациясымен арадағы айтарлықтай баға айырмашылығынға жол бере алмаймыз. Онымен бір Кедендік Одақ аясындамыз",- деді министр журналистерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан арасындағы дизельдік отынға баға айырмашылығы "елімізде контрабанда көлемінің айтарлықтай өсуіне алып келеді".

С. Мыңбаев осыған байланысты: "мен ескерте кетейін, ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біз бекіткен көлем дер кезінде сатып алынуға тиіс", деп айрықша атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны