11.05.2011, 13:05 3217

ҚР мұнаймен ластанған жерлерді тазалау технологиясы патенттелді

Зерттеу барысында жаңбыр құрттары мұнаймен ластанған топырақтарды жұтып, өз артынан таза қарашірік қалдырып отыратындығы белгілі болды.

Алматы. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР мұнаймен ластанған жерлерді тазалау технологиясы патенттелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдары мұнайды ыдырататын бактериялар мен жаңбыр құрттарының көмегімен мұнаймен ластанған жерлерді тазалау технологиясын патенттеді.

Зерттеу барысында жаңбыр құрттары мұнаймен ластанған топырақтарды жұтып, өз артынан таза қарашірік қалдырып отыратындығы белгілі болды, деп жазады "Курсив" газеті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны