30.11.2007, 11:54 11728

ҚР нәтижелі қорытындыға арналған жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесі дайындалуда

ҚР нәтижелі қорытындыға арналған жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесі дайындалуда

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі нәтижелі қорытынды беретін жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін дайындап енгізбекші, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Елдің стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауында стратегиялық міндеттерге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі дайындалып, енгізіледі", - деген ақпарат ЭБЖМ баспасөз хатында жазылған.

"Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру тәжірибесі мемлекеттік шығындарды пайдаланудың тиімділігін көтеру механизмдері болып табылады ", - делінген ақпаратта.

Министрліктің пікірінше, "мемлекеттік жоспарлауда жаңа тәсілдердің қолданылуы, мемлекеттік саясатының мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, бюджеттік жоспарлауды жасауға болады. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар үйлестірушілері арасында, стратегиялық міндеттер, мақсаттар, басымдықтарға сәйкес қорытынды нәтижелері ескеріліп, бюджеттік ресурстар бөлінеді".

"Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, мемлекеттік органдардың бюджеттік қаржыны пайдалануды ашық жасап, қоғамның бақылауын қамтамасыз етеді", - деп санайды ЭБЖМ.

Министрлікте атап өтілгеніндей, жаңа жүйесін дайындауда, халықаралық тәжірибе және Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшыларымен жүргізілген жұмыстың қорытындысы пайдаланылады .

Астанада дүйсенбіде, нәтижелі қорытындыға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі тақырыбына арналған "дөңгелек үстел" өткізіледі.

Форумның жұмысына үкімет, парламент, мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері, халықаралық ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

"Дөңгелек үстелдің" жұмысында мемлекеттік жаңа жоспарлау жүйесі енгізілетін мемлекетттік органдар басшыларының баяндамасы тыңдалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны