06.06.2008, 11:58 1996

ҚР пайдалы қазбаларға салынатын салық экспортқа шығарылатын шикізат бағасымен байланысты болуы керек -Балжанов

ҚР пайдалы қазбаларға салынатын салық экспортқа шығарылатын шикізат бағасымен байланысты болуы керек -Балжанов

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда пайдалы қазбаларға салынатын салық (ПҚСС) көлік шығындары ескеріле отырып экспортқа шығарылатын шикізат бағасына негізделіп есептелуі керек. Мұндай пікірді "ҚазМұнайГаз" барлау өндіру (МГГБӨ) АҚ бас директоры Асқар Балжанов "Қазэнерджи" қауымдастығы кеңесінің отырысы кезінде білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда пайдалы қазбаларға салынатын салық базасы бойынша ортақ мәмілеге келіп, көлік шығындары ескеріле отырып ол экспортқа шығарылатын шикізат бағасымен байланысты болуы керек, өйткені Қазақстан сату нарығынан алыс жерде орналасқандықтан көлік тасымалының шығындары аса жоғары болып отыр", - деді А. Балжанов.

"Біздің көзқарасымыз бойынша үкіметтің жұмыс тобы ПҚСС енгізу бойынша ұстанымы тым жеңілдетілген. Ирине, біз жеңілдетілген салық әкімшілігінің енгізілуін құптаймыз, бірақ ол жер қойнауын пайдаланушыларға аса ауыр салықтарды жүктеу есебінен жасалмауы қажет деп есептейміз", - деп атап өтті ол.

"Пайдалы қазба байлықтарына салынатын салыққа байланысты кереғарлықтар бар мысалы, компанияның қолы әлі жетпеген табысына салық салуды қалай әділ деп айтуға болады және ішкі нарыққа жеткізілген салық көлеміне осы салықты қалай салуға болады", - деп жалғастырды ҚМГ БӨ басшысы.

"Ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасы экспортқа жіберілетін бағадан екі-үш есе төмен екені бәріне белгілі. ПҚСС салығын алу базасы ретінде экспорттық мұнай шығарылған жерде әлемдік нарық бағаларын қолдану ұсынылған", - деді ол.

"Роялти, кен орындарының ерекшеліктері ескеріле отырып алынып отырған болса, ПҚС ставкасында шығарылған мұнай сапасы немесе кен орнын пайдалану жағдайы, сондай-ақ ондағы инфрақұрылымдардың бары не жоғы ескерілмейді ", деп есептейді А. Балжанов. Мұндай жеңілдетілген ұстаным, түрлі компаниялар қызметіне қатысты пайдаланылатын фискалды алғышарттардың тең болмауына әкеледі", - деп есептейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны