12.05.2008, 13:48 1274

ҚР премьер-министр ауылшаруашылық министрлігі мен ОҚО әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды (толықтырылған нұсқа)

ҚР премьер-министр ауылшаруашылық министрлігі мен ОҚО әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ауылшаруашылық министрлігіне және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне шегірткеден зардап шеккен төрт ауылдық округтен мал сатып алуды тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін өткен үкіметтің селекторлық кеңесінде берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен ауылшаруашылық министрлігіне, "ҚазАгро" және ОҚО әкімдігіне өзара бірлесе отырып, бұл мәселені екі күннің ішінде талқылауды тапсырамын, оның атқарылуын Өмірзақ Шүкеев (вице-министр) бақылауға алатын болады",- деді К. Мәсімов.

Бұдан бұрын Ө. Шүкеев хабарлағанындай, ОҚО "төрт ауылдық округі шегірткенің кесірінен мал азығынан айрылды". "Олар бар өсімдік пен шөпті жалмап кетті, сондықтан бүгінгі күні 150 мың ұсақ мал мен 10 мың ірі қара малға қауіп төнуде ", - деп толықтырды вице-премьер.

"Олар жылдар бойы өсірген малын бүгінгі күні көрші мемлекеттерге арзан бағаға сатуға мәжбүр", - деді ол. "Біз жергілікті билік өкілдерімен келістік, олар тиісті шараларды қабылдайтын болады. Сонымен қатар ауылшаруашылық министрлігіне және "ҚазАгро" холдингіне бірнеше күннің ішінде мемлекеттік ресурсқа ет сатып алуды ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілді, оны жедел түрде жүзеге асыру керек, өйткені бір аптадан кейін мал союға жарамсыз болып қалады", - деп қосты премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Ө. Шүкеев мәлімдегеніндей, АШМ мамандары ОҚО шегірткенің таралу аймақтары жөнінде болжамдарды дұрыс жасамаған. "Шегіркелер 100 мың гектар алқабында өсіп- өнеді деп болжанғанымен, алайда, іс жүзінде 211 мың гектар жерге тарағанын көріп отырмыз. Іс жүзінде біз төтенше жағдайдың алдын алдық, тағы да бірнеше күн өткенде шегірткелер қанаттанып кетер еді ", - деп атап өтті ол.

Премьер- министрдің орынбасарының пікірінше, "бұл мәселе бойынша Жамбыл және солтүстік облыстары бойынша абайлықты сақтау керек ". "Қазір Жамбыл облысында 100 мың гектар алқапта шегірткемен күреске дайындықтар жасалуда, онда бір техника, екі ұшақпен мәселе шешілмейді, ол жаққа басқа облыстардан ұшақтарды жіберу керек ", - деп санайды бірінші вице-премьер.

Өз кезегінде ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев атап өткеніндей, " ОҚО таралатын шегіртке көлемі айтылған болжамдардан екі есе көп болып шықты ". "Болжамдардың дұрыс шықпауына қатысты талдаулар жасалып кінәлілер анықталады. Бірақ, бұл жерде табиғаттың жағдайын да ескеру керек, оны толық бақылап өзгертуге болмайды, сондықтан бұл қатенің объективті себептері де бар ", - деп атап өтті министр.

"Ал бірінші вице-премьердің тапсырмасымен біздің мамандар шегірткеден зардап шеккен ауылдық округтерге жол тартып, малды сатып алатын болады", - деп жалғастырды ойын ол. А. Күрішбаевтьың пікірі бойынша, бұл ауылды округтердің алқаптары шегірткемен қатар ауа райының қолайсыздығынан зардап шекті. "Жайылымдар мен егіндіктерге ауа райының қолайсыздығы да кері әсерін тигізді, сондықтан жоғары температураның салдарынан барлық дала күйіп кеткен ", - деп қорытындылады АШМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны