29.01.2014, 19:38 9653

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысындағы Индустрияландыру картасының нысандарын аралады

Бүгін Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов республикалық Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов республикалық Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

"Үкімет басшысы "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның жаңа ферроқортпа зауытында (№ 4 цех) болды.Жобаны жүзеге асыру жоғары көміртекті феррохром өндірісіне жаңа технологиялар, сондай-ақ жаңа электр жабдықтарын, автоматтандыру және тұрақты қуат пешін пайдалану бойынша инновациялық технологиялар енгізуді қарастырады", - делінген хабарламада.

Жаңа зауыт өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және тауарлы жоғары көміртекті ферроқортпа шығаруды арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары көміртекті ферроқортпа шығару бойынша республиканың экспорттық әлеуеті 16 пайызға, ал Ақтөбе облысында 46 пайызға өседі.

Зауыт 2013 жылы желтоқсанда іске қосылды және оның жоспарлы қуаты 2014 жылы 226 мың. тоннадан астам ферроқортпаны құрауы тиіс.

Зауытта болған соң Премьер-Министр өкілетті органдарға кәсіпорынның жоспарлы қуатына шығуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Үкімет басшысы сондай-ақ рельсті балка зауыты құрылысы барысымен танысты.

Үстіміздегі жылы зауытты іске қосу "ҚТЖ"ҰК" АҚ-ның рельске сұранысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оны шекаралас мемлекеттерге экспорттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты 200 мың.тонна рельс пен 230 мың. тонна сұрыптау прокатын шығаруға мүмкіндік береді.

С.Ахметов зауыттың индустриялдық секторды, жалпы тұтастай аймақты дамытудағы маңызын атап көрсетті.

Премьер-Министр тоқтаған тағы бір бекет "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы болды. Бұл жерде Үкімет басшысына аймақта жүзеге асырылып жатқан ҮИИД МБ және АӨК дамыту жобалары таныстырылды.

Премьер-Министр сондай-ақ "Нұр Ақтөбе" тұрғын үй кешеніне барып, "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасының орындалу барысымен танысты. 2013 жылы бұл кешенде жалпы аумағы 75,4 мың. шаршы метр болатын 1131 пәтер пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы жалпы аумағы 32,6 мың. шаршы метрді құрайтын 540 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны