31.08.2016, 18:49 7374

ҚР Премьер-Министрі Катардыӊ Орталық банкі төрағасымен банк саласындағы ынтымақтастықтыӊ келешегі жайлы талқылады

ҚР Премьер-Министрініӊ Катардыӊ Орталық банкі төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Танимен кездесуі барысында банк саласындағы, оныӊ ішінде "Астана" Халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Катардыӊ Орталық банкі төрағасымен банк саласындағы ынтымақтастықтыӊ келешегі жайлы талқылады, деп хабарлайды Үкімет басшысыныӊ ресми сайты.
Кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Катар Мемлекетіне өткен жылғы сапары барысында қол қойылған келісімдердегі уағдаластықтарды орындау аясында өтті.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерімен қатар, жоғары деӊгейдегі сапар барысында банк және инвестициялық салалар сынды екі жақты маӊызды қарым-қатынастар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Атап айтқанда, ҚР Ұлттық банкі және КМ Орталық банкі, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі және Катар қаржы орталығы арасында меморандумдарға қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрініӊ Катардыӊ Орталық банкі төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Танимен кездесуі барысында банк саласындағы, оныӊ ішінде "Астана" Халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны