26.07.2006, 17:27 2926

ҚР премьер-министрі мен "Росатом" басшысы атом өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады

МИСКЕУ. 26 шілде. Kazakhstan Today. Ақтауда өткен жиын барысында Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметов пен "Росатом" басшысы Сергей Кириенко ҚР мен РФ энергетика және атом өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Отырыс кезінде Д. Ахметов, Ресей мен Қазақстан "барлық салада, оның ішінде атомдық өнеркәсіп және атом энергетикасы салаларында ортақ энергетикалық саясат ұстануы тиіс", деп мәлімдеді. "Егер, энергетикалық ынтымақтастық жөнінде айтатын болсақ, біз көміртек энергетикасына бірнеше жоба салдық. Бірақ, Ресей Федерациясымен атом саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор болады, деп ойлаймыз", - деді премьер-министр.

"Мамандардың бірқатар сауалдары барын білемін. Басты мәселе, уран өндірісі мен оны өңдеуге арналған бірлескен кәсіпорын құруға қатысты. Ең маңыздысы - қазіргі заманға сай жаңа шығыр жобасын әзірлеп, өзге елдердің нарығына шығу", - деп атап өтті Д. Ахметов.

Иңгіме, Африкантов атындағы машина жасау тәжірибелі-құрастыру бюросының (Нижний Новгород) үш энергетикалық шығыры бар ВБЭР-300 АЭС жобасына қатысты болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер жоба жүзеге асып, Қазақстанда сондай шығырмен алғашқы АЭС салынса, осындай қарқынмен нарыққа шығуға болады.

Осыған дейін Қазақстан, атомды бейбіт жолда пайдалану бағдарламасын Ресей мен бірлесіп дамытуға ықтияр екендігін бірнеше мәрте мәлімдеген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны