08.07.2010, 10:50 2796

ҚР премьер-министрі Мұнай және газ министрлігіне сығымдалған газ саласы бойынша үкіметтің ұстанатын саясатын жасауды тапсырды

"Сығымдалған газ жөніндегі бағдарлама бізге қажет деп есептеймін. Оған күмән болмауы тиіс. Сондықтан, мен мұнай және газ министрі С. Мыңбаевқа үкіметтің саясатын, біздің сығымдалған газ саласында не істейтінімізді дайындауды және жасауды тапсырамын", - деді К. Мәсімов.

Алматы. 8-шілде. Kazakhstan Today ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа сығымдалған газ саласы бойынша үкіметтің ұстанатын саясатын дайындауды тапсырды. Премьер сәрсенбі күні Ақмола облысының әкімиятында болған жиналыс барысында осылай бұйырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-дарына сілтеме жасай отырып.

"Сығымдалған газ жөніндегі бағдарлама бізге қажет деп есептеймін. Оған күмән болмауы тиіс. Сондықтан, мен мұнай және газ министрі С. Мыңбаевқа үкіметтің саясатын, біздің сығымдалған газ саласында не істейтінімізді дайындауды және жасауды тапсырамын", - деді К. Мәсімов.

Ол сондай-ақ, министрлікке Қазақстанда сығымдалған газ өндіретін кәсіпорын құру мәселесін қарастыруды да тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны