16.06.2008, 15:58 3027

ҚР премьер-министрі солтүстік өңірдегі көздердің электр қуатының бағасы 14% өсуін жеткілікті деп есептейді

ҚР премьер-министрі солтүстік өңірдегі көздердің электр қуатының бағасы 14% өсуін жеткілікті деп есептейді

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов солтүстіктегі станцияларда өндіріліетін электр қуатының бағасының 14% өсуін жеткілікті деп есептейді. Бұл туралы ол үкіметтің бүгінгі селекторлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен де жеткілікті деп есептеймін. Бұл үкіметке қысым жасау әрекеті. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі "КЕГОК" компаниясына тексеру жүргізуді бастауы керек", - деп түсінік берді К. Мәсімов "КЕГОК" АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиевтің капитал салымдары шараларын тежеуге ықпал етіп отырған генераторлар қызметінің бағасын реттеу саласында қалыптасқан белгісіздікке қатысты айтқан сөздеріне орай.

Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов солтүстіктегі энергия көздері өздерінің тарифтерін 14 пайызға қымбаттатқанын еске салды. "Бұл рұқсат етілген нормалар шегінде. Бұдан арғы өзгеріс инфляцияға әсер етуі ықтимал", - деді агенттік төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны