12.12.2007, 17:35 3004

ҚР премьер-министрі стратегиялық қуат нысандарын мемлекеттің жеке меншігіне беру туралы ұсыныс жасады

ҚР премьер-министрі стратегиялық қуат нысандарын мемлекеттің жеке меншігіне беру туралы ұсыныс жасады

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі стратегиялық қуат нысандарын мемлекеттің жеке меншігіне беру туралы ұсыныс жасады

Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің үкімет энергетикалық қауіпсіздік, стратегиялық салаларында мүмкіндік болса, қуат көздерінің нысандарын мемлекеттің қарамағына қайтаруды көздейді. Бұл бағытта жұмыстар жасалуда ", - деді премьер-министр.

Мәселен, " ресей компаниясымен "Богатырь" көмір разрезінің 50 % мемлекетке қайтару жөнінде келісімге қол жеткізілді". "Оңтүстік аймақтың энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешу үшін, осы 50% негізге ала отырып, біз Балхаш ЖЭО құрылысын жоспарлап отырмыз", - деп атап кетті үкімет басшысы.

Премьер сондай-ақ, "үкімет энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жұмысын жалғастырады. Энергетика саласында біз бірінші кезекте көмір өндірісі мен атом энергетикасының дамуын алдыңғы орынға қоямыз", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны