03.07.2012, 13:49 2938

ҚР президенті Ақмола облысындағы құбыр шығаратын зауыттың тұсауын кесті

Жоба ірі қалалар мен елорда аясында су құбырлары жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today Бүгін Астанадағы индустриалды форум аясында өткен телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құбыр өндіретін "Арыстан" СҚЗ" ЖШС-ның тұсауын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жоба ірі қалалар мен елорда аясында су құбырлары жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жобаның бірегейлігі - қысымсыз және ағынды кәріз жүйесіне арналған екі қабатты түтікті құбырларды ("Коркис" топтамасы) өндіру. Екі қабатты "Коркис" полиэтилен құбырлары ағынды суларға, орнату мен пайдалану кезінде пайда болатын қиындықтарға төзімділігімен, монтажының оңайлығымен, ұзаққа шыдайтындығымен, сондай-ақ бағасы мен сапасының керемет үйлесімділігімен ерекшеленеді", - деп мәлімдеді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Зауыт жылына диаметрі 110-1000 миллиметрлік "Коркис" түтікті құбырларының 3 900 тоннасын өндіреді. Жылдық табысы - 3 120 миллион теңге.

Инвестициялар көлемі 624 миллион теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны