25.12.2012, 13:59 4789

ҚР Президенті "Astana Solar" ЖШС зауытында күн батареяларын шығаратын желіні іске қосты

"Бұл тамаша нысан Жаңа жыл қарсаңында барша қазақстандықтарға үлкен сыйлық болды. Болашақ - "жасыл" экономикада. Бұл тақырыпты біз ЭКСПО-2017-ге таңдадық",-деп атап өткен Мемлекет басшысы, зауыттан шығарылған алғашқы фотоэлектрлі модульге "Бірінші қазақстандық модуль. Құттықтаймын! Н. Назарбаев",-деп қолтаңбасын қалдырды.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Астанада "ҚазАтомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның еншілес кәсіпорны - "Astana Solar" ЖШС-ның фотоэлектрлі модульдерді өндіретін зауытында күн батареяларын шығаратын желі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл тамаша нысан Жаңа жыл қарсаңында барша қазақстандықтарға үлкен сыйлық болды. Болашақ - "жасыл" экономикада. Бұл тақырыпты біз ЭКСПО-2017-ге таңдадық",-деп атап өткен Мемлекет басшысы, зауыттан шығарылған алғашқы фотоэлектрлі модульге "Бірінші қазақстандық модуль. Құттықтаймын! Н. Назарбаев",-деп қолтаңбасын қалдырды.

Айта кетейік, Астанадағы жаңа зауытта 100 пайыз қазақстандық кремний негізінде күн батареялары шығарылмақ. Зауыт техника қауіпсіздігі және экологиялық нормалардың ең жоғарғы талаптарына сай келетін соңғы буындағы автоматтандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Шығарылуы жоспарланып жатқан фотоэлектрлі машиналардың жобалық қуаты 50 Мегаватқа тең, ал болашақта 1оны 00 Мегаватқа жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Зауыт өнімдері ішкі және сыртқы нарыққа шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны