05.08.2011, 15:05 3129

ҚР президенті барлық облыстарда тамшылай суару технологиясын енгізуді және жылыжай құрылыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері қатысқан жиналыс барысында Елбасы жыл басынан бері барлық өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы өскенін атап өтті.

Астана. 5 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық облыстарда тамшылай суару технологиясын енгізуді және жылыжай құрылыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері қатысқан жиналыс барысында Елбасы жыл басынан бері барлық өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы өскенін атап өтті. Жезқазған қаласында әлеуметтік маңызы аса зор азық-түлік тауарлары ең көп қымбаттаған (жыл басынан бері 15%). Атырау, Алматы, Талдықорған, Астана және Өскемен қалаларында баға 10 - 12 пайызға қымбаттаған.

"Бағаның қымбаттағанын жанар-жағармай бағасымен түсіндіру - еш сылтауға жатпайды. Бұл мәселелермен жүйелі түрде үкімет те, әкімдер де, әзірге айналыспай отыр", - деп атап көрсетті президент.

"Көптеген өңірлердегі көкөніс пен картоптың түсімі гектарына 15 тоннадан аспай отыр. Ал тамшылай суару арқылы бұл көрсеткішті 60 - 100 тоннаға дейін жеткізуге болады. Бұл көкөністерді Қазақстанның қай жерінде де өсіруге болады. Тамшылай суару құралдары өндірілуде, технология жасалды, тәжірибе бар. Мен өткен аптада Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болғанымда ондағы шаруалар тамшылай суаруды негізге алып әр гектардан 100 тонна томат алып отырғанын көрдім. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 120 тоннаға дейін жетеді", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны