02.07.2014, 20:41 3734

ҚР Президенті Н.Назарбаев ҮИИД бірқатар кәсіпорындарын іске қосты

Атап айтатын болсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы тұрғын үй құрылысы комбинатын, Көкшетаудағы қоспажем зауытын, Қарағанды облысындағы Шар крандарын және жапқыш арматураны дайындайтын зауытын, Павлодар облысында орналасқан Шарпрокат орнағын шығаратын "KSP Steel" ЖШС-і жұмысын, Ерейментаудағы жел электр станциясын, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан энергетикалық қазандық жабдығын шығару өндірісін іске қосты.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында онлайн режимінде ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының бірқатар жобларын іске қосты, олардың ішінде - Маңғыстау облысындағы цемент зауыты, Қорғастағы құрғақ порт, Қостанай қаласында үй салу комбинаты құрылысы бар", - деді Н.Назарбаев "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-да құрғақ порты құрылысын іске қосқанда.

ҚР ИЖТМ мәліметінше, "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА Еуропа және Ресей бағытында трансконтиненталдық темір жолы бағыты арқылы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан жүк айналымының дәстүрлі бағытындағы негізгі жоба болып табылады. 2014 жылдың соңына дейін құрғақ порт пен логистикалық аймақты іске қосу кешені нысандарын пайдалануға беру бойынша жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Семейдегі "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр желілерінің құрылысын іске қосуға "онлайн" режимінде рұқсат берді, Семей-Алматы учаскесінің бірінші тірегін орнату басталды, оның ұзындығы - 1500 км. Осы жобаның арқасында Солтүстік-Оңтүстік транзиті күшейтіліп, оңтүстік өңірдің электр энергиясына сұранысы қамтамасыз етіледі.

"Біз бүгін 20 жобаны іске қостық. Бұл аз көрсеткіш емес, бірақ Қазақстан үлкен. Экономиканы шикізаттытан индустриялды-инновациялық салаға өткізу үшін бізге білек сыбана жұмыс істеу қажет.Егер де біз 30 дамыған ел қатарына ену үшін өнімді қарқынды шығаратын кәсіпорындар қажет", - деді Елбасы.

Атап айтатын болсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы тұрғын үй құрылысы комбинатын, Көкшетаудағы қоспажем зауытын, Қарағанды облысындағы Шар крандарын және жапқыш арматураны дайындайтын зауытын, Павлодар облысында орналасқан Шарпрокат орнағын шығаратын "KSP Steel" ЖШС-і жұмысын, Ерейментаудағы жел электр станциясын, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан энергетикалық қазандық жабдығын шығару өндірісін іске қосты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны