14.11.2011, 10:12 3529

ҚР президенті отандық аграрлық ғылымды дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Жұма күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне "ҚазАгроинновация" компаниясымен бірлесе отырып, отандық аграрлық ғылымды реформалау туралы тапсырма жүктеді.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - ҚР президенті отандық аграрлық ғылымды дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұма күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне "ҚазАгроинновация" компаниясымен бірлесе отырып, отандық аграрлық ғылымды реформалау туралы тапсырма жүктеді.

"Ауыл шаруашылығы инновациялық болуы қажет. Бізге отандық аграрлық ғылымды дамытатын нақты бағдарлама қажет. Он жылда мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерді дамытуға бағыттаған шығысы 20 млрд. теңгеден асады. Біздің ғалымдарымыз, мәселен, бидайдың жоғары өнімділігін бөліп шығарды. Алайда, бұларды түбегейлі қолдану әлі де көрініс таппай отыр. Неге бұлай? Ғалымдар ондаған жылдарын сарп етіп жаңа сұрыптар, агротехнологиялар шығарады, сосын мемлекеттік комиссия әлгі жаңалықты ендіру керек пе, жоқ па, соны үш жыл бойы қарайды. Ал ғылым бір орнында тұра ма? Сондықтан да, ең ақыры біздің ғалымдарымыздың еңбегі ешкімге керексіз болып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны